Үтікпен күйдіріп, құлағын кескен. Талдықорғанда қызғаншақ ер адам істі болды

Поделиться:
Талдықорғанда азаматтық некедегі әйелін күйеуі қорлап келген. Екі күн бойы ер адам әйелді тепкінің астына алып, ол аз болғандай, денесін үтікпен күйдіріп, құлағын кесіп алған, деп хабарлайды zakon.kz.


Осындай айуани әрекетке қызғаныш себеп болды, деп хабарлайды taldykorganec.insta.

Есігін бектітіп, телефонын тартып алып 29 жастағы әйелге ойына келгенін жасаған ер адамның жаға ұстатар қылығын жәбірленушінің құрбысы әлеуметтік желіде жайып салған.

Менің бұл жазғанымды құрбымның өзі білмейді. Бірақ басқалардың білгенін қалаймын. Бүкіл денесінде, тіпті омырауында да, қарнында да жарақат орны бар. Бұл 4-ші ықшам ауданда болған. Талдықорғанда.

Алматы облыстық ПД бұл фактіні өз қолдарына алғандарын хабарлады.

Биылғы жылдың 7 шілдесінде Талдықорған қалалық полиция бөліміне 29 жастағы қала тұрғынының дене жарақаттары және күйікпен көпсалалы ауруханаға түскені туралы ақпарат келді. Тексере келгенде, әйелді азаматтық некедегі күйеуі қызғаныштан ұрғаны анықталды, - дейді Алматы облысы ПД баспасөз қызметі.

Факт сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. 33 жастағы күдіктіге қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 107-бабы, 1-бөлімі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сараптама тағайындалды, оның қорытындысы бойынша соңғы процессуалдық шешім қабылданады.

Войдите, чтобы оставить комментарий

Введите почту, получите PIN-код и готово!

Код отправлен на {{ authEmail }}

Введите пароль для {{ authEmail }}

{{ authError }}

Запрос на удаление материала

Оставить комментарий

Если публикация нарушает закон, авторские или чужие личные права, подробно опишите проблему. Мы проверим информацию и удалим материал, если факт нарушения подтвердится.

Сообщение успешно отправлено!
{{ errorText }}

Читайте также