"Анамның айтқанымен келіспеймін" - Әли Оқапов

Поделиться:
Әнші Әли Оқапов анасы Роза Рымбаеваның Imanbek туралы айтқан сөзіне қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оқапов пікірін Instagram желісіндегі парақшасында жариялады.

"Кейінгі болған жайттарға байланысты пікір білдіруді ұйғардым. (...) Біріншіден, бұл жерде менің не қатысым барын түсінбеймін. Бұл жанжалға менің не қатысым бар? Ол сұхбатты мен берген жоқпын, ол сұрақтарға жауап берген мен емес.

(...) Негізі менің түк қатысым жоқ. Жалпы осындай жайт болғаны өкінішті. Екіншіден, мен анамның айтқанымен келіспеймін. Мен оны бірден сол күні сұхбатты көрген кезде айттым. Мен анама келіп, оның айтқаны қате екенін айттым", - деді Әли Instagram желісіндегі парақшасында.


Еске салайық, жақында әнші Роза Рымбаева Azattyq Rýhy порталына берген болатын. Сұхбат барысында ол Иманбек Зейкеновтің өнеріне байланысты пікір білдіріп, ол "сәттілік" қана деп атаған еді.

"Керек кезде, керек жерде болу. Жолы болып кетті. Оның үстіне ол кәсіби музыкант емес. Бұл жай ғана сәттілік. Ырғағын, мәнерін ауыстырды да қойды, мұның бәрі компьютерде жасалады. Оны remix ретінде бағалады, автор ретінде немесе орындаушы, автор-өңдеуші ретінде емес. Жоқ, ол тек жылдамдығын үдетіп, балаларға тән ән шығып, ырғағы ауысты", - деген еді Рымбаева.

Артынша Imanbek Роза Рымбаеваның сөзіне жауап берген еді.

"Біріншіден, ол мен үшін ересек адам, аға буын, мен оны ешқашан сынамаймын. Қалай айтарымды да білмеймін. Мен дауласпаймын, бұл оның пікірі. Тыңдап, түсіндім", - деді Imanbek.

Войдите, чтобы оставить комментарий

Введите почту, получите PIN-код и готово!

Код отправлен на {{ authEmail }}

Введите пароль для {{ authEmail }}

{{ authError }}

Запрос на удаление материала

Оставить комментарий

Если публикация нарушает закон, авторские или чужие личные права, подробно опишите проблему. Мы проверим информацию и удалим материал, если факт нарушения подтвердится.

Сообщение успешно отправлено!
{{ errorText }}

Читайте также