Қызылордада суға кеткен жігіттің денесі Сырдарияда қалқып жүрген жерінен табылды

Поделиться:
Қызылорда қаласында құтқарушылар бүгін 31 жастағы азаматтың денесін Сырдария өзенінің бетінде қалқып жүрген жерінен тауып алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.


1990 жылғы азамат екі күндей бұрын дарияның «Мерей» шағын ауданы аумағында белгіленбеген жерде суға батып кеткен. Құтқарушылар дарияда екі күн бойы іздеу жұмыстарын жүргізді. Нәтижесінде азаматтың денесі бүгін, 7 шілдеде сағат 5.30-да оқиға орнынан 1 шақырымдай қашықтықта су бетінде қалқып жүрген жерінен табылды.

Тағы бір оқиға, 6 шілдеде «Домостроитель» саяжайының аумағында болған. Сол аумақта 1955 жылғы азамат 12.35-те суға батып кеткен. Құтқарушылар көмегімен 66 жастағы азаматтың денесі сағат 13.13-те судан шығарылды.

«Қазір өңірде аптап ыстық байқалып тұр. Сондықтан тұрғындардан барлық қауіпсіздік шараларына назар аударуын сұраймыз», - деді облыстық төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық құтқару жұмыстары қызметінің маманы Әлия Ережепова.

Айта кетсек, жыл басынан бері облыстың су айдындарында 35 адам суға кетіп көз жұмды. Оның ішінде 20 бала.

Войдите, чтобы оставить комментарий

Введите почту, получите PIN-код и готово!

Код отправлен на {{ authEmail }}

Введите пароль для {{ authEmail }}

{{ authError }}

Запрос на удаление материала

Оставить комментарий

Если публикация нарушает закон, авторские или чужие личные права, подробно опишите проблему. Мы проверим информацию и удалим материал, если факт нарушения подтвердится.

Сообщение успешно отправлено!
{{ errorText }}

Читайте также