Ұлытау ауданында дала өртінен 23 жастағы жігіт қаза тапты
Қарағанды облысындағы жалпы ауданы 378 гектар далаға тараған өрттен қашып үлгермеген адам да, мал да бар. Кеше қызыл жалынмен арпалыс кезінде құтқарушылар 23 жастағы жігіттің денесін тапты. Арнайы мамандар оның неден көз жұмғанын анықтап жатыр. Ал, мына фотодан қынадай қырылған қойларды байқауға болады. Облыс әкімі Жеңіс Қасымбек 200 бас малдың қырылғанны хабарлады. Ал, тұрғындар қызыл жалын ай басында басталғанын айтады.
Нұрбек Рахметов, Байқоңыр ауылының тұрғыны:
1 мен 4 аралығында осы Байқоңыр ауылында апатты жағдай өрт болды. Осы өртке 2-сі мен 4-і күні МЧС-тен адамдар келіп көметесті. 60-70 километр жерде шаруа қожалықтарында мал шығындары болып жатыр.
Дала өрті Ұлытау, Қарқаралы, Осакаров, Бұқар Жырау, Шет, Нұра ауданындарын да шарпыды. Жеңіс Қасымбек оқиға орнында тәулік бойы 70 бірлік техника, 350-ден астам төтеншеліктер мен еріктілер жұмыс істеуде, дейді.
Мамандар қызыл жалынның әлі де қауіп барын айтады. Сондықтан бірнеше ауылдық округте төтенше жағдай жарияланды.
Талай күннен бері беті қайтпай тұрған аптап ыстық өңір тұрғындарына қиын тиюде. Ал жергілікті билік барлық шығын өтеледі деп отыр. Малы қырылған және жайылымдары өртеніп кеткен фермерлердің залалын бағалау жөнінде комиссия құрылғанын хабарлады.
Войдите, чтобы оставить комментарий
Введите почту, получите PIN-код и готово!
Код отправлен на {{ authEmail }}
Введите пароль для {{ authEmail }}
Запрос на удаление материала
Оставить комментарий
Если публикация нарушает закон, авторские или чужие личные права, подробно опишите проблему. Мы проверим информацию и удалим материал, если факт нарушения подтвердится.