Ақтауда полицейлердің әйелдермен жаға жыртысты(ВИДЕО)
Оқиға түсірілген видео әлеуметтік желіде таралды. Бейнежазбада ұсталған ер азаматтың қарсыласып жатқаны, артынша оған көмекке әйелдер мен тағы бір жігіттің келгені байқалады.
Бұл туралы Маңғыстау облысының ПД өкілдері пікір білдірді.
"1 шілдеде белгіленген бағытты патрульдеу кезінде Ақтау қалалық полициясының қызметкерлері Chevrolet Lacetti жүргізушісі жол ережесін бұзғаны үшін тоқтатқан. Құжаттарды тексеру кезінде жүргізушіден алкогольдің иісі шықты. Полиция қызметкерлері жүргізушіні көліктен түсіп, жолаушылар орындығына отыруды сұраған. Өйткені олар жүргізушіні мас екенін көрген. Алайда жүргізуші көлікті жауып алып, сыртқа шығудан бас тартқан", - делінген ПД хабарламасында.
Полицияның мәліметінше, медициналық тексерістің нәтижесі жүргізушінің жеңіл дәрежеде мас болғанын көрсетті. Әкімшілік соттың шешімімен ол жеті жылға жүргізуші куәлігінен айырылып, 15 тәулікке абақтыға қамалды.
Войдите, чтобы оставить комментарий
Введите почту, получите PIN-код и готово!
Код отправлен на {{ authEmail }}
Введите пароль для {{ authEmail }}
Запрос на удаление материала
Оставить комментарий
Если публикация нарушает закон, авторские или чужие личные права, подробно опишите проблему. Мы проверим информацию и удалим материал, если факт нарушения подтвердится.