АШМ азық-түлік қоры туралы есеп берді
Бұл мониторинг тұрақтандыру қорларындағы, ірі сауда желілеріндегі, жеткізушілер мен қайта өңдеу кәсіпорындарының қоймаларындағы қорларды ескереді.
Өңірлердің жедел деректеріне сәйкес, қазіргі уақытта республика бойынша 795 мың тонна көлемінде түрлі азық-түлік тауарларының қоры бар. Оның ішінде өндіруші кәсіпорындарда 298 мың тонна, қоймаларда – 93,2 мың тонна, сауда желілерінде – 353,2 мың тонна, тұрақтандыру қорларында – 19,8 мың тонна. Сонымен қатар, 325 млн жұмыртқа мен 3,5 млн тонна азық-түлік бидайы бар.
Осыған орай, тез бұзылатын өнімдердің қоры бір апта немесе одан да көп уақытқа, ал ұзақ мерзімді сақтау өнімдерінің бірнеше айға жеткілікті қоры жинақталған. Айта кетер жәйт, азық-түлік өндірісі артып келеді және қорлар үнемі жаңартылып, толықтырылып отырады. Сондықтан олар бойынша тапшылық жоқ және күтілмейді.
Войдите, чтобы оставить комментарий
Введите почту, получите PIN-код и готово!
Код отправлен на {{ authEmail }}
Введите пароль для {{ authEmail }}
Запрос на удаление материала
Оставить комментарий
Если публикация нарушает закон, авторские или чужие личные права, подробно опишите проблему. Мы проверим информацию и удалим материал, если факт нарушения подтвердится.