76 миллион шығын келген: балалар үйінде заңбұзушылықтар анықталды

Поделиться:
Қазақстанда балалар үйінде қаржы қызметінде жиырмадан астам заң бұзушылық анықталды. Келтірілген шығын көлемі 76 миллион теңгеден асып кетті, деп хабарлады қаржы мониторингі агенттігінде.

Жетімдерге және ата-анасының қарауынсыз қалған балаларға арналған мекемелерде заңсыз жалақы төлеу, бухгалтерлердің қаражатты иемденуі, сеніп тапсырылған мүлікті талан-тараж ету, сондай-ақ, ғимаратты жөндеу және абаттандыруға арналған бюджет қаражатын жымқыру фактілері анықталды.

"Көзі көрмейтіндерге арналған арнайы мекеменің бірінде бағдарламалық жасақтамасы бар ноутбуктарды сатып алу барысында бюджетке 17 миллион теңгеден астам залал келтірілген. Басқа арнайы мектепте асхана шатырын жөндеуге арналған қаражаттан 3 миллион теңге жымқыру фактісі анықталды", - деді қаржы мониторингі агенттігінің баспасөз қызметі.

Ведомствода хабарлағандай, анықталған барлық факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, экономикалық тергеу қызметінің мамандарына жолданды.


Еске салсақ, президент Қасым-Жомарт Тоқаев бала құқығын қорғауды мемлекеттің негізгі басымдықтарының бірі деп атап көрсетіп, осыған қатысты барлық мәселе мүлтіксіз орындалуы керек екенін баса айтты.


Войдите, чтобы оставить комментарий

Введите почту, получите PIN-код и готово!

Код отправлен на {{ authEmail }}

Введите пароль для {{ authEmail }}

{{ authError }}

Запрос на удаление материала

Оставить комментарий

Если публикация нарушает закон, авторские или чужие личные права, подробно опишите проблему. Мы проверим информацию и удалим материал, если факт нарушения подтвердится.

Сообщение успешно отправлено!
{{ errorText }}

Читайте также