Ұрып-ұрсып тұрса, баланың тәртібі түзеле ме - ғалымдар зерттеуі
Америкалық зерттеушілердің Lancet журналында жарияланған мәліметтеріне сәйкес, физикалық жаза балалардың мінез-құлқын жақсартпайды, керісінше оны нашарлатады.
Балаларды жазалаудың физикалық түрлері уақыт өте келе "агрессияның жоғарылауы, қоғамға жат мінез-құлықтың өсуі және мектептегі агрессивті мінез-құлық" сияқты сыртқы проблемалық мінез-құлықтарды тудырады. Бұл - осы тақырып бойынша 69 зерттеуді қарастырған авторлар жасаған қорытынды.
Бірнеше зерттеу көрсеткендей, физикалық жаза дефициантты оппозиция бұзылыстарының симптомдарын күшейтеді, ол ашуланшақтық, қарсы сөз айту, бұзық мінез-құлық таныту, кекшілдік, қырсықтық және тәртіпке бағынудан үзілді-кесілді де сипатталады.
Колумбияда жасалған бір зерттеу қол тимеген балаларға қарағанда физикалық жазаланған балаларда "танымдық қабілеттердің төмен" болатынын көрсетті.
Сондықтан ғалымдар, ата-аналарға балаларына қарсы физикалық күш қолданбауды, оның орнына. мысалы ойыншықтарын алып қою немесе қандай да бір артықшылықтардан айыру секілді жаза түрін пайдалануға кеңес береді.
Войдите, чтобы оставить комментарий
Введите почту, получите PIN-код и готово!
Код отправлен на {{ authEmail }}
Введите пароль для {{ authEmail }}
Запрос на удаление материала
Оставить комментарий
Если публикация нарушает закон, авторские или чужие личные права, подробно опишите проблему. Мы проверим информацию и удалим материал, если факт нарушения подтвердится.