Алматыда бір тәулікте "дельта" штамын жұқтырған 36 адам анықталды

Поделиться:
Алматыда коронавирустың үнді штамын жұқтырғандар саны ұлыбританиялық штамм жұқтырғандар санынан асып кетті. Санитария дәрігерлері оң нәтиже көрсеткен ПТР-сынамаларын зерттегеннен кейін осындай қорытындыға келген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Өткен тәулікте Алматыда 46 сынамада мутацияға ұшыраған штамдар бар-жоғы зерттелді. Оның 36-сында "дельта" штамы анықталды. Осылайша, үнді штамының үлес салмағы 78,3 пайызды, сегіз үлгіде "альфа" (ұлыбританиялық) штамы 17,4 пайызды құрайды. Яғни, қоздырғыштар ауысып жатыр", - деп мәлімдеді Алматы қаласының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті өкілі.

Айта кетейік, бұған дейін Алматыда 131 үлгі зерттеліп, олардың 77-сінен ұлыбританиялық штамм, ал 46-сынан үнді штамы табылғаны хабарланған болатын. Кейін олар қосымша зерттеуге жіберілген еді.

Войдите, чтобы оставить комментарий

Введите почту, получите PIN-код и готово!

Код отправлен на {{ authEmail }}

Введите пароль для {{ authEmail }}

{{ authError }}

Запрос на удаление материала

Оставить комментарий

Если публикация нарушает закон, авторские или чужие личные права, подробно опишите проблему. Мы проверим информацию и удалим материал, если факт нарушения подтвердится.

Сообщение успешно отправлено!
{{ errorText }}

Читайте также