«Себепсіз үйден шықпаған жөн»: синоптиктер Қазақстанның басым аумағында күннің қатты ыситынын айтты
Күндіз 30 маусымда Маңғыстау облысында 42 градус қатты ыстық, өте жоғары өрт қауіпі сақталады. Кей жерлерде найзағай күтіледі.
Қызылорда облысында 40-44 градус қатты ыстық және өте жоғары өрт қаупі сақталады. Қызылорда қаласында 30 маусымда күндіз 41-43 градус қатты ыстық сақталады.
Атырау облысының кей жерлерінде найзағай, шаңды дауыл күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күші күндіз найзағай кезінде 15-20 м/с.
Күндіз Қарағанды облысының кей жерлерінде 35-38 градус қатты ыстық сақталады. Кей жерлерде өте жоғары өрт кауіпі сақталады. Қарағанды қаласында күндіз 01 - 02 шілдеде 35-37 градус қатты ыстық күтіледі. Жезқазған қаласында күндіз 30 маусымда - 02 шілдеде 36-38 градус қатты ыстық күтіледі.
Көкшетау қаласында күндіз 01-02 шілдеде 35-37 градус қатты ыстық күтіледі.
30 маусымда Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай, бұршақ күтіледі. Күндіз 35-39 градусқа дейін өте қатты ыстық күтіледі. Жел оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соғады, кей жерлерде 15-20 м/с. Кей жерлерде өте жоғары өрт қауіпі сақталады. Орал қаласында күндіз 30 маусымда найзағай, бұршақ, 36 градус қатты ыстық күтіледі. Жел оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соғады, екпіні 18 м/с.
Күндіз 30 маусымда Ақтөбе облысының кей жерлерінде найзағай болады, онтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 18 м/с күтіледі. Өте жоғары өрт қауіпі сақталады.
Петропавл қаласында күндіз 30 маусымда 35 градус қатты ыстық күтіледі. Күндіз 01-02 шілдеде 35-37 градус қатты ыстық, өте жоғары өрт қауіпі күтіледі.
Алматы қаласында күндіз 30 маусымда 33-35 градус қатты ыстық күтіледі.
30 маусым-2 шілдеде күндіз Түркістан облысының басым бөлігінде 40-42 градус қатты ыстық күтіледі. Кей жерлерде төтенше өрт қауіпі сақталады. Шымкент қаласында 30 маусым-2 шілдеде күндіз 40 градус қатты ыстық күтіледі. Түркістан қаласында 30 маусым-2 шілдеде күндіз 40-42 градус қатты ыстық күтіледі.
Күндіз 29-30 маусымда, 1 шілдеде Алматы облысында кей жерлерінде 35-38 градус қатты ыстық күтіледі, төтенше өрт қаупі сақталады.
Войдите, чтобы оставить комментарий
Введите почту, получите PIN-код и готово!
Код отправлен на {{ authEmail }}
Введите пароль для {{ authEmail }}
Запрос на удаление материала
Оставить комментарий
Если публикация нарушает закон, авторские или чужие личные права, подробно опишите проблему. Мы проверим информацию и удалим материал, если факт нарушения подтвердится.