"Сұмдық болып тұр": Асфальтқа жұмыртқа қуырған атыраулық аспаз көпшілікті таңырқатты

Поделиться:
Жеке мұрағат Атырауда күннің ыстығында асфальтқа жұмыртқа қуырған аспаздың әрекеті әлеуметтік желіде кеңінен талқыланды. 12 жылдан бері аспаздық қызметте жүрген Бағдат Қадыров күннің ыстық кезін пайдаланып, асфальтта тамақ пісіруді көздеген деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Бағдат Қадыров еліміздегі танымал аспаздардың бірі. Оның қызметін қарапайым халықтан бөлек, елге танымал, лауазымды адамдар да жиі қолданады.

Дәмді ас пісірумен танылған Бағдат Атыраудағы күннің ыстықтығын көрсетуді мақсат етіп, асфальтқа жұмыртқа қуырды.

«Негізі, көпшілік астына от жақпай-ақ, жұмыртқаның асфальтке піскеніне таң қалып жатыр. Сенбей жатырғандар да көп. Әрине, үйдегі кез келген табаны алып шығып, асфальт үстіне қойсаң, жұмыртқа піспейді. Мен арнайы жаровня табаларын пайдаландым. Яғни, көпке дейін қызуды жібермей ұстап тұратын және тез қызатын табада пісірдім. Видеода көрсетілгеннің бәрі де рас. Жұмыртқа шынымен де асфальтқа пісті. Астына ешқандай от жағылған жоқ», - дейді Бағдат.

Аспаздың айтуынша, ол ешқандай хайп жасауды, шу көтеруді мақсат етпеген.

«Мен бар болғаны Атырауда күннің қандай ыстық екенін көрсеткім келді. Көпшілік пікір қалдырып, еліміздің оңтүстік өңірлеріндегі ыстыққа ет асуға да болатынын айтып, әзілдеуде. Жалпы, хайп қуатын мақсатым жоқ», - дейді ол. Бағдат Қадыров Атырау қаласында дүниеге келген. 12 жылдан бері Алматыдағы үздік аспаздар қатарында қызмет етіп келеді. Қазіргі таңда ол белгілі бір себептермен Атырауда уақытша тұрып жатқанын айтты.

Войдите, чтобы оставить комментарий

Введите почту, получите PIN-код и готово!

Код отправлен на {{ authEmail }}

Введите пароль для {{ authEmail }}

{{ authError }}

Запрос на удаление материала

Оставить комментарий

Если публикация нарушает закон, авторские или чужие личные права, подробно опишите проблему. Мы проверим информацию и удалим материал, если факт нарушения подтвердится.

Сообщение успешно отправлено!
{{ errorText }}

Читайте также