Нұр-Сұлтанда тыр жалаңаш велосипед теуіп жүрген ер адам ұсталды
Полицияға Есіл өзенінің жағалауында жалаңаш ер адамның велосипед теуіп жүргені туралы хабарлама келіп түсті.
Велосипедке мінген ер адам мас болып шықты. Ол ұсталды. Онда киімнен тек аяқ-киімі ғана болған, - деп хабарлады қалалық ПД.
Түнде өзен жағасында досыммен бірге ішімдік іштік. Қатты ыстықтаған соң шешініп, суға түскенмін. Ал судан шыққанымда жағалаудан киімімді таппай қалдым. Танысы бүкіл заттарымды алып, зым-зия болып кетті, - деді ұсталған адам.
Осыдан кейін ер адам кездесуге келген көлігінің жүк салғышынан велосипедті алып, үйіне қарай бет алған.
Оның айтуынша, ол мас болғандықтан, рөлге отыруды жөн санамаған.
Қоғамдық орындарда алкогольдік ішімдік ішу және басқаларға әдепсіз қылық таныту, қоғамдық тәртіпті бұзу сынды әрекеттері үшін ӘҚБтК-нің 440, 434-баптары бойынша әкімшілік іс қозғалды.
Ер адамға айыппұл салынып, әкімшілік қамауға алынды.
[media=]
Войдите, чтобы оставить комментарий
Введите почту, получите PIN-код и готово!
Код отправлен на {{ authEmail }}
Введите пароль для {{ authEmail }}
Запрос на удаление материала
Оставить комментарий
Если публикация нарушает закон, авторские или чужие личные права, подробно опишите проблему. Мы проверим информацию и удалим материал, если факт нарушения подтвердится.