Түркістанда үш ай бұрын жоғалған оқушы табылды
Сайрам ауданының полиция басқармасына жергілікті тұрғын арызданып, 11 сыныпта оқитын кәмелетке толмаған ұлы жоғалып кеткенін айтты. Жақындарымен сөзге келген бала үйінен кетіп, сол күйі оралмаған. Ұялы телефоны да өшірулі болған.
Тәртіп сақшылары бірден оқушыны іздеуге кірісті. Куәгерлерден сұрастырып, елді мекен маңын сүзіп шықты. Сондай-ақ жоғалған жасөспірімнің таныстары мен достарын анықтады.
Іздеу жұмыстары нәтижесінде мектеп оқушысы үш айдан кейін аман-есен табылды. Ол Шымкентте жұмыс істеп жүрген.
Полицейлер кәмелетке толмаған баланы үйіне жеткізіп, ата-анасына тапсырды.
Жасөспірімнің отбасы ұлдарын табуға көмектескен Сайрам ауданы полиция басқармасының қызметкерлеріне алғыс айтты.
Войдите, чтобы оставить комментарий
Введите почту, получите PIN-код и готово!
Код отправлен на {{ authEmail }}
Введите пароль для {{ authEmail }}
Запрос на удаление материала
Оставить комментарий
Если публикация нарушает закон, авторские или чужие личные права, подробно опишите проблему. Мы проверим информацию и удалим материал, если факт нарушения подтвердится.