"Не жыларымды, не күлерімді білмей қалдым". Зейнеткерге 33 теңге мемлекеттік төлем тағайындалды
"1414 нөмірінен бірінші рет ХҚКО-ға барып, төлем алуым керек деген хабарлама келгенде, бұл жалған деп ойладым. Сосын осындай бес хабарлама келді, одан кейін ХҚКО қызметкерлері өзі қоңырау шалып, келуімді сұрады", - дейді Нелли.
"Сөйтіп Тургенев көшесіндегі ХҚКО-ға келдім, онда маған банкке барып, шот нөмірін алуымды сұрады, мен орындадым. Қайтып барғанда бірде-бір қызметкер маған ары қарай не істеу керегін түсіндіре алмады, олар келесі күні келіңізші деді. Бардым, мені бір терезеден екіншісіне жібере бастады. Нәтижесінде екінші қабатқа, № 9 кабинетке жіберді. Мен өтінішті толтырдым, сөйтсем төлем сомасы 33 теңге дейді. Мен не жыларымды, не күлерімді білмей қалдым. Екі күн ішінде жолға 1000 теңгеден аса қаражат жұмсадым. Бұл не мазақ? Оған қоса, бұл болмашы 33 теңгені тек шілдеде шығара алады екенмін", - дейді зейнеткер.
ХҚКО өкілдері журналистерге БЖЗҚ желісі бойынша мұндай төлемдер бар екенін және зейнеткерге шынымен 33,19 теңге тағайындалғанын растады, алайда бұл сома қайдан шыққанын айта алмады.
Войдите, чтобы оставить комментарий
Введите почту, получите PIN-код и готово!
Код отправлен на {{ authEmail }}
Введите пароль для {{ authEmail }}
Запрос на удаление материала
Оставить комментарий
Если публикация нарушает закон, авторские или чужие личные права, подробно опишите проблему. Мы проверим информацию и удалим материал, если факт нарушения подтвердится.