Сауда орындары жұрттан 200 теңгелікті қабылдамай жатыр. Бұл заңды ма?
Қазақстанның Ұлттық банкіне тұрғындардан өтініштер келіп түсіп жатыр. Көпшілік кәсіпкерлердің 200 теңгелік қағаз банкнотты қабылдаудан бас тарту жағдайларына шағымданады. ҚР ҰБ 200 теңгелік банкноттар заңды төлем құралы болып қалатынын еске салады. Қағаз банкнот 200 теңгелік монеталармен айналымда қатар жүр. Олар төлемдердің барлық түрлерінде, банктік операцияларда және ақша аударымдарында қабылдануы тиіс, - деді ҚР ҰБ қолма-қол ақша айналымы бөлімінің бастығы Динара Даутова.
Ол 200 теңгелік банкноттарды банктердің, сондайақ Ұлттық банктің және "Қазпочта" АҚ-тың барлық филиалдарында айырбастауға және өткізуге болатындығын атап өтті.
Біздің филиалдардың мекен-жайы мен байланыстары ҚР ҰБ сайтында көрсетілген. Қосымша сұрақтар бойынша ҚР ҰБ байланыс орталығына - 1477 нөміріне хабарласуға болады, - дейді ол.
Войдите, чтобы оставить комментарий
Введите почту, получите PIN-код и готово!
Код отправлен на {{ authEmail }}
Введите пароль для {{ authEmail }}
Запрос на удаление материала
Оставить комментарий
Если публикация нарушает закон, авторские или чужие личные права, подробно опишите проблему. Мы проверим информацию и удалим материал, если факт нарушения подтвердится.