24 және 25 маусымда салықтар мен төлемдер мерзімі аяқталады

Поделиться:
24 және 25 маусымда бірқатар салықтар мен төлемдерді төлеу мерзімі аяқталады, деп хабарлайды zakon.kz.

Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті 2021 жылы 25 мамырға дейін бюджетке төлемдер жасау қажеттігін еске салады:

2021 жылы мамырда төленген табыстан ЖТС, қызметі ҚР-да тұрақты мекеме құрмайтын резидент еместер ұсынған шетелдік қызметкерлерден (Салық кодексінің 655-бабының 7-тармағына сәйкес кірістер) және заңды тұлға – ҚР салық төлеушісі ретінде тіркелмеген резидент еместер жолдаған шетелдіктер мен азаматтығы жоқ тұлғалардан (Салық кодексінің 656-бабының 1-тармағына сәйкес кірісі);
кәсіптік балық аулау объектілері болып табылатын жануарлар түрлерін пайдаланғаны үшін төлемдер, егер төлем мөлшері кәсіптік балық аулау объектілерін алып қою квоталары бойынша АЕК-тен 350 еседен асса.

Сонымен бірге, 2021 жылдың 25 маусымында келесі салықтар мен төлемдерді төлеу мерзімі аяқталады:

КТС (2021 жылғы маусымға аванстық төлемдер) және резиденттің және резидент еместің кірісін төлеу көзінен ұсталған КТС;
жеке тұлғалардың, резиденттер мен резидент еместердің 2021 жылы мамырда төленген кірістерінің төлем көзінен ұсталған ЖТС;
2021 жылғы мамырға әлеуметтік салық;
радиожиілік спектрін пайдаланғаны үшін ағымдағы төлем;
қалааралық және (немесе) халықаралық телефон байланысын, сондай-ақ ұялы байланысты ұсынғаны үшін ағымдағы төлемдер;
қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу лицензиясын пайдаланғаны үшін төлемдер;
2021 жылдың мамырында жеке тұлғалардың кірісінен ұсталған міндетті зейнетақы жарналары;
2021 жылдың мамырында қызметкерлерге төленген кірістер бойынша есептелген міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары;
2021 жылдың мамырына әлеуметтік аударымдар;
2021 жылғы мамырдағы кірістер бойынша МӘМС-ке аударымдар мен жарналар.
2021 жылға арналған салықтар мен төлемдерді төлеу және салық декларацияларын ұсыну мерзімдері туралы мәліметтермен салық күнтізбесінде таныса аласыз.

Войдите, чтобы оставить комментарий

Введите почту, получите PIN-код и готово!

Код отправлен на {{ authEmail }}

Введите пароль для {{ authEmail }}

{{ authError }}

Запрос на удаление материала

Оставить комментарий

Если публикация нарушает закон, авторские или чужие личные права, подробно опишите проблему. Мы проверим информацию и удалим материал, если факт нарушения подтвердится.

Сообщение успешно отправлено!
{{ errorText }}

Читайте также