Дәрігерлер Алматыдағы субұрқақта зардап шеккендердің жағдайы туралы айтты
Дәрігерлердің айтуынша, зардап шеккендердің бірі - 28 жастағы әйел Орталық клиникалық қалалық ауруханаға жеткізілген. Қазіргі уақытта ол реанимацияда жатыр.
"Ол өте ауыр жағдайда. Көп жарақат алған, тіпті өміріне қауіп бар. Қазір жансақтау бөлімінде бақылауда жатыр. Біз толыққанды медициналық көмек көрсетеміз. Бүкіл дәрігер - хирургтер, нейрохирургтер, кардиологтар, невропатологтар оны емдеу үшін жұмыс істеп жатыр", - деді Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Лаура Мырзағалиқызы.
Оның айтуынша, оқиға салдарынан 8 және 10 жастағы екі қыз зардап шеккен. Екеуі де түрлі деңгейдегі жарақат алған.
"Жасы үлкен қыз реанимацияда болды, қазір оны бөлімшеге ауыстырдық. Оның жағдайы орташа ауыр деп бағаланған. Тағы бақылап, көмек көрсетеміз. Ол қалпына келеді.
Зардап шеккендердің ең кішісі реанимацияда. Оны ертеңге дейін бөлімшеде қалдырып, жағдайын бақылаймыз. Оның да жағдайы орташа ауыр дәрежеде. Бәрі жақсы болып, денсаулығына болашақта салдары болмауы үшін дұға етеміз", - деп толықтырды Мырзағали.
Еске салайық, 20 маусымда әлеуметтік желілерде әйел мен екі қызды субұрқақта электр тогы ұрғаны туралы ақпарат пайда болды.
Алматы қаласы полиция департаменті бұл деректі Бостандық ауданы ПБ жанындағы полиция бөлімі ҚК-нің 306-бабы 2-бөлігі "Қауіпсіздік талаптарына сай келмейтін тауарларды шығару немесе сату, жұмыстарды орындау не қызметтерді көрсету" бойынша тергейтінін хабарлады.
Войдите, чтобы оставить комментарий
Введите почту, получите PIN-код и готово!
Код отправлен на {{ authEmail }}
Введите пароль для {{ authEmail }}
Запрос на удаление материала
Оставить комментарий
Если публикация нарушает закон, авторские или чужие личные права, подробно опишите проблему. Мы проверим информацию и удалим материал, если факт нарушения подтвердится.