Jah Khalib Ургантқа қазақстандық музыканттардың табысқа жету сырын айтты
Бағдарламада әнші Мәскеудегі алғашқы концерті туралы айтты және Ресей астанасынан үйренгенін бөлісті.
"Мәскеу мені тәрбиеледі. Бізде Қазақстанда бейресми бір дәстүр бар, біз кешіккенді емес, асықпауды жақсы көреміз. Бізде қандай да бір іс-шара, үйлену тойы басталды делік. Барлығы 5-ке шақырылса, автомат түрде 6-да келеді. Барлығында солай, кездесулерде де... Басында Мәскеуде бәрін уақытында жасау керек екеніне үйрене алмадым. Есімде, Мәскеуге алғашқы концертке келдік, бізге 8-де шығатынымызды айтты, біз онда 8.30-да дедік. Олар жоқ - 8.00-де деді. Содан бері тәрбиелене бастадым. Қазір мен өте жинақы адаммын", - деді орындаушы.
"Бір сұхбатыңызда сіз бұрын ең мықты музыканттар Украинадан шыққан, ал қазір қазақстандық музыканттардың уақыты келді деп айттыңыз",- деді Иван Ургант.
"Бұл шындық. Иә, бізде күлдіргілер, өнер адамдары, режиссерлер де керемет. Барлығы жаңа нәрсе жасайды, өнер бағытында жаңа нәрсе жасауға тырысады. Бұл біз көпұлтты ел болғандықтан шығар, қателеспесем 122 ұлт өкілі тұрады. Соғыс кезінде де көп адам біздің жерімізге қоныс аударылды. Менің ойымша, осы "коктейль" немесе әртүрлі ұлт пен менталитеттің қосындысы керемет жемісін берді", - дейді музыкант.
Войдите, чтобы оставить комментарий
Введите почту, получите PIN-код и готово!
Код отправлен на {{ authEmail }}
Введите пароль для {{ authEmail }}
Запрос на удаление материала
Оставить комментарий
Если публикация нарушает закон, авторские или чужие личные права, подробно опишите проблему. Мы проверим информацию и удалим материал, если факт нарушения подтвердится.