Тоқаев емханаға жаңа көлік табыстады

Поделиться:
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Нұр-Сұлтан қаласындағы №103 қалалық емхананың жұмысымен танысты, деп хабарлады Ақорданың ресми сайты.

Президент алдымен алғашқы жәрдем және консультациялық-диагностикалық кабинеттерді көріп шықты. Медициналық орталықта тіркелген тұрғындарға 23 сала бойынша алғашқы медициналық-санитарлық және консультациялық-диагностикалық көмек көрсетіледі.


Емханада рентгенография, маммография, флюорография, ЛОР-комбайн, сараптамалық деңгейдегі ультра-дыбыстық зерттеу және басқа да медициналық аппараттар бар. Мамандардың айтуныша, соңғы үлгідегі аппараттардың арқасында ауруды дер кезінде анықтап қана қоймай, сапалы медициналық көмек көрсетуге мүмкіндік бар.

"Салауатты Астана" ЖШС-іне қарасты жаңа амбулаториялық-емханалық кешен бір ауысымда 500 адамды қабылдай алады. Сондай-ақ, ересектер мен балаларға оңалту қызметтері көрсетіледі. 150 орындық күндізгі стационар жұмыс істейді.

Президент медициналық орталықтың ұжымына жедел жәрдем көлігін алуға сертификат табыстады.

Ресми мәліметке сәйкес, астанада алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсететін 36 ұйым бар. Соның 16-сы мемлекеттік мекеме болса, 20-сы - жекеменшік ұйым.

Войдите, чтобы оставить комментарий

Введите почту, получите PIN-код и готово!

Код отправлен на {{ authEmail }}

Введите пароль для {{ authEmail }}

{{ authError }}

Запрос на удаление материала

Оставить комментарий

Если публикация нарушает закон, авторские или чужие личные права, подробно опишите проблему. Мы проверим информацию и удалим материал, если факт нарушения подтвердится.

Сообщение успешно отправлено!
{{ errorText }}

Читайте также