"Хайп үшін". Ақсулық жігіт автобустың үстіне мініп, қаланы аралаған
Instagram әлеуметтік желісіне мониторинг жасау барысында жасөспірімнің қалалық автобустың төбесіне секіріп мінген видеосы анықталды. Полицейлер видеоға тексеру жүргізген.
"17 маусымда сағат 13.00-де жасөспірім Ақсу қаласы Астана көшесіндегі аялдаманың төбесінен қалалық автобустың төбесіне секіріп мінгені анықталды. Полиция тәртіп бұзған жігітті анықтады. Ол - 18 жастағы қала тұрғыны. Оған қатысты ҚР ӘҚБтК-ның 434-бабы бойынша әкімшілік іс қозғалды, материал жазалау шараларын қабылдау үшін сотқа жіберілді", - деді Павлодар облысы Ақсу қалалық полиция бөлімінің жергілікті полиция қызметінің бастығы Арман Рахметов.
Полиция жасөспірім бұл әрекетке хайып үшін барғанын айтты.
Назар аударыңыз! Видеода әдепсіз сөздер айтылады.
Войдите, чтобы оставить комментарий
Введите почту, получите PIN-код и готово!
Код отправлен на {{ authEmail }}
Введите пароль для {{ authEmail }}
Запрос на удаление материала
Оставить комментарий
Если публикация нарушает закон, авторские или чужие личные права, подробно опишите проблему. Мы проверим информацию и удалим материал, если факт нарушения подтвердится.