Қазіргі қарбыздара нитрат үш есе көп

Поделиться:
Қазір қарбыз жеу қауіпті. Ақтөбедегі коммуналдық базарда бұл бақша дақылын сатуға әзірге тыйым салды, деп хабарлайды КТК телеарнасы.

Сынама алған мамандар нитраттардың мөлшерден үш есе асып кеткенін анықтаған.

"Бірінші партиясынан сынама алғанда нитраттың мөлшерден көп екенін анықтадық. Қазір сатып жатқан жоқпыз. Нитрат үш есе көп болды, бұл өте қауіпті", - дейді коммуналдық базар әкімшісі Асқарбек Қойлыбаев.

Ақтөбеге қарбыз оңтүстік өңірлерден жеткізіліп жатқанына екі аптадай болды. Қазір тек комуналдық базарда ғана сатылмайды. Ал қалған сауда орындарында келісі 400-450 теңгеден толып тұр.

Бірақ санитар мамандар қарбызды жаппай тексеруге құқығымыз жоқ деп отыр. Тек адам уланып немесе сауда орындары мен базарға қатысы арыз түссе ғана сынама алады екен.

Ал қарбыздағы нитраттың көп болуы адам денсаулығына қауіпті. Қатты уланып, іш құрылысын зақымдауы мүмкін.

Войдите, чтобы оставить комментарий

Введите почту, получите PIN-код и готово!

Код отправлен на {{ authEmail }}

Введите пароль для {{ authEmail }}

{{ authError }}

Запрос на удаление материала

Оставить комментарий

Если публикация нарушает закон, авторские или чужие личные права, подробно опишите проблему. Мы проверим информацию и удалим материал, если факт нарушения подтвердится.

Сообщение успешно отправлено!
{{ errorText }}

Читайте также