"Пациенті қайтыс болған". Алматыда пластикалық хирург сотталып жатыр
Іс Алматы қаласы № 2 Бостандық ауданы сотында қаралып жатыр. Процесс онлайн-режимде өтеді.
Дмитрий Писаревке ҚР ҚК-нің 317-бабы 3-бөлігінде ("Медицина немесе фармацевтика жұмыскерiнiң кәсiптік мiндеттерiн тиiсiнше орындамауы, абайсызда денсаулыққа ауыр зиян келтіруге әкеп соққан іс-әрекеттер") көзделген айып тағылған.
Сотта Дмитрий Писарев кінәсін мойындамады.
Айта кетейік, 2019 жылғы тамызда кеудені көтеруге жасаған операциядан кейін бортсерік Лаура Ізбасарова қайтыс болды деген айыппен хирург қамауға алынғаны хабарланған болатын. Процедура кезінде қыздың жағдайы нашарлап кеткен. Ол басқа клиникаға жеткізіліп, дәрігерлер өмірін сақтап қалуға тырысқан. Бірақ мүмкін болмады.
Дмитрий Писарев бұған дейін де сотталған. 2018 жылдың соңында ол 33 жастағы Украина азаматшасының өліміне кінәлі деп танылды. Дана Агамурадова липосакцияға Алматыға арнайы ұшып келген. Бірақ операциядан кейін ауырып, қайтыс болды.
Хирург істің ескіру мерзіміне байланысты жазадан босатылған. Наурызда Писаревті лицензиясынан айырған. Бірақ зардап шеккен науқастың адвокатының айтуынша, дәрігер операция жасауын тоқтатпаған.
"Писарев өз ісінің салдарын түсінбеген. Ол әлеуметтік желілрде жұмыстарының нәтижесін ашық жариялап келді. Сараптама тағайындалып, куәгерлерден жауап алынды. Тергеу соты өтті, оның нәтижелері бойынша Писарев қамауға алынды", - деді адвокат Сұңқар Нұрмағамбетов.
Войдите, чтобы оставить комментарий
Введите почту, получите PIN-код и готово!
Код отправлен на {{ authEmail }}
Введите пароль для {{ authEmail }}
Запрос на удаление материала
Оставить комментарий
Если публикация нарушает закон, авторские или чужие личные права, подробно опишите проблему. Мы проверим информацию и удалим материал, если факт нарушения подтвердится.