Басылымда жарияланған мақаладан кейін екі әкім жұмыстан шығарылды

Поделиться:
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Солтүстік Қазақстан облысына оңтүстік өңірлерден көшіп келушілердің шағымына назар аударды. Олар арнайы салынған тұрғын үй сапасы туралы айтқан еді.

Бұл туралы президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook-тегі парақшасында арнайы жазба жариялады.

"Мемлекет басшысы биылғы 24 мамырда "Казахстанская правда" газетінде жарияланған "Заложники равнодушия" атты мақалада көтерілген мәселе бойынша тексеру жұмыстарын жүргізуге тапсырма берген еді. Мақалада Солтүстік Қазақстан облысына оңтүстік өңірлерден көшіп келушілерге арнап салынған тұрғын үй сапасының нашарлығы туралы сөз болған. Жүргізілген тексерулердің қорытындысы бойынша мақалада келтірілген деректер расталды", - деді ол.

Үкімет пен облыс әкімдігі анықталған кемшіліктерді жою жұмыстарымен айналысуда.

Сондай-ақ Уәли аталған бағыттағы ұйымдастыру жұмыстарында олқылықтарға жол бергені үшін Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау және Есіл аудандарының әкімдері қызметтерінен босатылғанын жеткізді.

Облыс әкімінің орынбасары, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру жөніндегі облыстық басқарманың басшысы, сондай-ақ, бес ауданның әкімдері тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Айта кетейік, мақалада Солтүстік Қазақстан облысының Айыртау ауданына көшіп барған қазақстандықтардың мәселесі көтеріледі.

"Еңбек" бағдарламасы аясында қоныс аударғандарға үй берілсе де, үш жылдан бері құжаттарын рәсімдемей отыр. Адамдар ауыз суды бір шақырым шалғай жерден тасып жүр. Ал қыста қарды ерітіп ішеді.

Войдите, чтобы оставить комментарий

Введите почту, получите PIN-код и готово!

Код отправлен на {{ authEmail }}

Введите пароль для {{ authEmail }}

{{ authError }}

Запрос на удаление материала

Оставить комментарий

Если публикация нарушает закон, авторские или чужие личные права, подробно опишите проблему. Мы проверим информацию и удалим материал, если факт нарушения подтвердится.

Сообщение успешно отправлено!
{{ errorText }}

Читайте также