Қазақстан "жасыл" аймақта. Карантин жеңілдеуі мүмкін бе?
"Қазақстанның бас санитария дәрігері қаулысына сәйкес, аумақтық санитария дәрігерлері "жасыл" аймаққа өткен өңірде шектеу шараларын жеңілдетуі мүмкін. Қазақстан "жасыл" аймаққа өткеніне қарамастан, "қызыл" аймақта бір өңір бар. "Сары" және "жасыл" аймақтағы өңірлерде карантин жеңілдеуі мүмкін. "Қызыл" аймақтағы өңірде шектеу шаралары қатаңдайды", - деді Байтанаев.
Ол Қазақстан бойынша жағдай тұрақталып, барлық өңір "жасыл" немесе "сары" аймақта болса, елдің бас санитария дәрігері жеңілдік жасай алатынын айтты.
"Мысалы, Қазақстанда вакцина алған тұрғындар ел аумағына кедергісіз орала алады. Шетелдік рейстер саны көбейеді. Бірақ ол үшін жағдай тұрақты болуы керек. Ал бізде "қызыл" аймақта орналасқан өңірлер бар", - деді Байтанаев.
Ол карантин шараларын қатаңдату мәселесі бес күннен кейін, жеңілдету "қызыл" аймақтан "сары" аймаққа немесе "сары" аймақтан "жасыл" аймаққа ауысқаннан соң жеті күннен кейін енгізілетінін еске салды.
15 маусымдағы Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасына сәйкес "қызыл" аймақта Нұр-Сұлтан қаласы орналасқан.
Войдите, чтобы оставить комментарий
Введите почту, получите PIN-код и готово!
Код отправлен на {{ authEmail }}
Введите пароль для {{ authEmail }}
Запрос на удаление материала
Оставить комментарий
Если публикация нарушает закон, авторские или чужие личные права, подробно опишите проблему. Мы проверим информацию и удалим материал, если факт нарушения подтвердится.