Қазақстанда жаңа оқу жылындағы каникул кезеңдерін жария талқылау басталды
"Орта білім беру ұйымдарында 2021-2022 оқу жылының басталуын, ұзақтығын және каникул кезеңдерін айқындау туралы" бұйрық жобасы "Ашық НҚА" сайтында жарияланған.
2021-2022 оқу жылы 2021 жылғы 1 қыркүйекте басталады деп жоспарланып жатыр.
Оқу жылының ұзақтығы 1-сыныптарда - 33 апта, 2-11-сыныптарда (12-сыныптарда) - 34 апта. Мереке күніне түскен сабақ оқу бағдарламалары мазмұнын ескере отырып, қайталауға бөлінген сағаттар есебінен келесі күнге ауыстырылады.
Оқу жылы ішіндегі демалыс кезеңдері бойынша:
1-11-ші (12) сыныптарда:
күзгі демалыс - 7 күн (2021 жылғы 25-31 қазанды қоса алғанда);
қысқы демалыс - 11 күн (2021 жылғы 31 желтоқсаннан бастап 2022 жылғы 10 қаңтарға дейін (қоса алғанда);
көктемгі демалыс - 11 күн (2022 жылғы 21-31 наурызды қоса алғанда);
1-сыныптарда: қосымша демалыс - 7 күн (2022 жылғы 7-13 ақпанды қоса алғанда).
Войдите, чтобы оставить комментарий
Введите почту, получите PIN-код и готово!
Код отправлен на {{ authEmail }}
Введите пароль для {{ authEmail }}
Запрос на удаление материала
Оставить комментарий
Если публикация нарушает закон, авторские или чужие личные права, подробно опишите проблему. Мы проверим информацию и удалим материал, если факт нарушения подтвердится.