«Полицияға хабарлассаң, кек аламыз». БҚО-да екі ер адам әйелді жабылып зорлаған

Поделиться:
БҚО-да екі ер адам орманнан өтіп бара жатқан әйелді ұстап алып зорлады деген күдікке ілінді. Бұл туралы «Мой город» басылымы хабарлады.


Бөрлі ауданының 33 жастағы тұрғыны мен Орал қаласының 46 жастағы тұрғынының үстінен ҚР ҚК 120-баптың 2-бөлігі «Зорлау» бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазір облыстық Полиция департаменті тергеу амалдарын жүргізіп жатыр.


«Әйел адам кешкі уақытта ормандағы соқпақ жолмен жүріп келе жатқан. Күдіктілер сол жерде спирттік ішімдік ішіп отырған. Бірі әйелді байқап қалып, оған қарай жүгірген. Әйелді қылқындырып, күшпен орманның ішіне қарай сүйреп, екеуі әбден қорлаған. Артынша қорқытып, күш көрсетіп, ішімдік ішуге мәжбүрлеген. Полицияға хабарласқан жағдайда тауып алып, кек алатындарын айтып қорқытқан.

Жәбірленуші қашып шығып үйге келсе де, полициямен бірден байланыспаған. Бұған біраз уақытқа дейін шок жағдайында болуы әсер еткен. Ақыры түнгі сағат бірлер шамасында полицияға хабарласып, жедел тергеу тобы оқиға болған жерге барды. Араға үш сағат салып күдіктілер ішімдік ішіп отырған жерінде ұсталды», — деді БҚО ПД ресми өкілі Болатбек Белгібеков.

Екі ер адам уақытша ұстау изоляторына қамалды. Екеуі де бұған дейін ұрлық пен қарақшылық әрекеттері үшін сотталып шыққан.

Войдите, чтобы оставить комментарий

Введите почту, получите PIN-код и готово!

Код отправлен на {{ authEmail }}

Введите пароль для {{ authEmail }}

{{ authError }}

Запрос на удаление материала

Оставить комментарий

Если публикация нарушает закон, авторские или чужие личные права, подробно опишите проблему. Мы проверим информацию и удалим материал, если факт нарушения подтвердится.

Сообщение успешно отправлено!
{{ errorText }}

Читайте также