Мәскеуде қазақстандық қыз 86-қабаттан құлап кетті – БАҚ
БАҚ-тың хабарлауынша, қыздың есімі Диана Белорукова. Ол "Мәскеу-сити" кешенінің "Око" мұнарасының жан-жақты көруге арналған алаңынан құлаған. Келеңсіз жағдайдың себебін Мәскеу тергеу комитеті анықтайды.
Қайғылы оқиға 11 маусымда Мәскеу уақытымен 16:55-те болды.
Қазақстан сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров Sputnik Қазақстанға оқиғаның мән-жайы анықталып жатқанын мәлімдеді. Сондай-ақ марқұм Қазақстан азаматы ма, жоқ па, ол да тексерілуде.
Еске салсақ, 2018 жылдың сәуірінде Қазақстаннан барған 21 жастағы МХҚМИ студенті Томирис Байсафа оқу орны ғимаратының төртінші қабатынан құлап түсті. Ол ауруханаға жеткізілгенімен, көп ұзамай қайтыс болды.
2021 жылы Мәскеу соты МХҚМИ студенті Томирис Байсафаны өлтірді деп айыпталған Дағыстан үкіметінің бұрынғы басшысы Мұхтар Меджидовтың ұлын ақтап шықты. Ал марқұмның анасы үкіммен келіспейтінін айтып, апелляцияға беретінін мәлімдеді.
Войдите, чтобы оставить комментарий
Введите почту, получите PIN-код и готово!
Код отправлен на {{ authEmail }}
Введите пароль для {{ authEmail }}
Запрос на удаление материала
Оставить комментарий
Если публикация нарушает закон, авторские или чужие личные права, подробно опишите проблему. Мы проверим информацию и удалим материал, если факт нарушения подтвердится.