Күршімде жарылған су бөгетін жөндеуге жалғыз трактор жіберілген
Аltaynews.kz мәліметі бойынша, "Көмейдің" зардабын Бірлік, Сарыөлең және Барақ батыр ауылдарының тұрғындары тартып отыр. Себебі аталған ауылдардың егістігіне қоймаға жиналған су "Жауғашты" каналы арқылы келеді. Биыл қардың аздығынан Күршім өзенінің деңгейі де түсіп кеткен.
Су жиналатын бөгеттің бұзылуы жығылғанға жұдырық болды. Ал "Жауғашты" каналының ұзындығы 25 шақырымдай болады. Биыл дұрыс су жиналмағандықтан мыңдаған гектар алқапқа су жетпей жатыр. Кейбір ауылдың бау-бақшасы қурай бастаған.
- Екінші судан салынған платина жарылып, судың деңгейі ар жаққа ағып кеткен. Бері қарай Жауғашты каналына шығатын деңгейі жоқ. Бұл күрделі жөндеуден 2000 жылдары итальяндық компания өткізген. Табиғи апаттың салдарынан су шайып кетіп отыр. Жауғашты каналына су жетпей азын-аулақ су келіп отыр, - дейді Сарыөлең ауылының тұрғыны Қымбат Қасабаев.
Айта кетейік, 2000 жылдардың басында Италиядан келген инвесторлар дамбыны жөндеген көрінеді. Алайда бұл күнде каналдың тозығы жеткен. Жылда жергілікті тұрғындар өз күшімен дамбыны бітеп әлек болады. Каналдың басында дәл қазір бір ғана трактор жүр. Бірақ суды бітеуге оның күші жетпейді.
Войдите, чтобы оставить комментарий
Введите почту, получите PIN-код и готово!
Код отправлен на {{ authEmail }}
Введите пароль для {{ authEmail }}
Запрос на удаление материала
Оставить комментарий
Если публикация нарушает закон, авторские или чужие личные права, подробно опишите проблему. Мы проверим информацию и удалим материал, если факт нарушения подтвердится.