Қапшағайдың суы тағы тартылуы мүмкін
Экология министрінің айтуынша, биыл еліміздің оңтүстік өңірлерінде су аздығы байқалады, ал бұл аймаққа барлық суармалы судың 97% - ы тиесілі.
Алматы облысы Іле Алатауының оңтүстік беткейіндегі өзен бассейндерінде жауын-шашын нормадан 39 пайызға аз, ал шағын және орта су қоймаларының толымдылығы вегетациялық кезеңнің басында 75-80% - ды құрады. Жамбыл облысы Шу және Талас өзендерінің бассейндерінде су деңгейі 20-25% - ға төмен. Себебі бұл өзендердің бүкіл ағыны Қырғызстан аумағында қалыптасады, ол жақта да су аз болғандықтан мемлекетаралық су объектілері бойынша келісілген көлемді алу қиындады, - дейді министр.
Мағзұм Мырзағалиевтің айтуынша,Түркістан және Қызылорда облыстарында Сырдария өзеніндегі су деңгейі Тоқтоғұл су қоймасының толтырылуына байланысты. Биыл бұл су қоймасының көлемі соңғы 5 жылдағы ең төмен көрсеткішті көрсетті.
Алматы облысында 2020 жылы Қапшағай су қоймасы бойынша күрделі жағдай қайталануы мүмкін. Осыған байланысты облыс әкімдігіне тиісті шаралар қабылдау маңызды, - дейді Мағзұм Мырзағалиев.
Айта кетсек, 2020 жылы желіде Қапшағай су қоймасындағы судың тартылып кеткені туралы видео тараған.
Войдите, чтобы оставить комментарий
Введите почту, получите PIN-код и готово!
Код отправлен на {{ authEmail }}
Введите пароль для {{ authEmail }}
Запрос на удаление материала
Оставить комментарий
Если публикация нарушает закон, авторские или чужие личные права, подробно опишите проблему. Мы проверим информацию и удалим материал, если факт нарушения подтвердится.