12 сәуірде Алматыда өткен Азия күрес кеңесінің бас ассамблеясында оның қазіргі басшысы Дәулет Тұрлыханов қатысушылардың бірауыз шешімімен төрт жыл мерзімге қайта сайланды, деп хабарлайды azattyq-ruhy.kz.
Ассамблеяға Біріккен күрес әлемінің президенті, ХОК атқару комитетінің мүшесі Ненад Лалович (Сербия), UWW вице-президенттері Михаил Мамиашвили (Ресей) және Ахролжан Рузиев (Өзбекстан), сондай-ақ UWW бюросының мүшесі Сайяф аль-Шахрани (Қатар) қатысты.
Еске салайық, Дәулет Тұрлыханов 2017 жылы мамыр айында Нью-Делиде өткен конгресте Азия күрес кеңесінің президенті болып сайланған еді.
Дәулет Тұрлыханов UWW президенті болып қайта сайланды
2021-04-13 08:20:15
Последние новости
13.04.2021
Узнай своего депутата: Азамат Абильдаев