«Ол 11 сәуірде 28 жасқа толады. Мектепті «Алтын белгіге» бітіріп, Оңтүстік Қазақстан медицина академиясында фармацевт мамандығында оқыған. ВК-дағы статусында «Өмірге күлімдеңіз – ол сізге жауап ретінде міндетті түрде күледі» деп жазылған»,– дейді YEDILOV ONLINE телеграм каналы.
19 жастағы жәбірленуші Аяжан Еділованың күдіктімен бірге лифтке кірген видеосы шыққан еді. Онда Аяжан Еділованың белгісіз ер адаммен лифтке кіргенін көруге болады.
Қыз үш күн бойы ер адаммен хат алмасып, кейін онымен кездесуге келіскен. Қаза тапқан қыздың туыстары олар жұмыс барысымен кездескеніне сенімді.
Айта кетейік, 19 наурызда Алматы қаласының тұрғыны Аяжан Еділова жұмыстан шыққаннан кейін хабарсыз кеткен. Бірнеше күннен кейін Алматы ПД өкілдері қыздың қаза болғанын хабарлады. Жоғалған күні Аяжан жаңадан танысқан ер адаммен кездесуге келіскені анықталды. Күдікті ретінде Түркістан облысының тұрғыны, 1993 жылы туған ер адам ұсталды.
Туыстары 19 жастағы Аяжан Еділованың өліміне қатысты тергеудің мән-жайын айтып берді. Жәбірленушінің ағасы Алмат Мүліковтың айтуынша, күдікті фармацевт мамандығында оқып, Алматыда пәтер жалдап тұрған.
«Полиция күдікті айғақтарды жасыру үшін Аяжанды өлтірген деп болжап отыр. Суреттерді көргенімізде, әр тырнағы алынып, әр тісі жұлынған. Оны бөлек қапшыққа салып қойған. Басын суға қайнатыпты. Одан тек сүйегі қалған. Қазір қызды анықтау бойынша тексеру жүріп жатыр. Дене мүшесі әлі толық емес. Мәйітханадағы мамандар мәйіттің көп болуы мүмкін екенін айтты»,– деді Алмат Мүліков.
Аяжан Еділованы қатыгездікпен өлтірді деген күдіктінің суреті жарияланды
2021-03-29 16:20:19
Последние новости
29.03.2021
Карантин ужесточают в Нур-Султане
29.03.2021
Павлодар облысында 10 көлік соқтығысып қалды