Семейде полиция "клиенттерінің көңілін көтеріп жатқан" жезөкшелердің үстінен түсті
Телеарна тілшісінің айтуынша, арын ақшаға сатқан бикештер тосын келген қонақтарды тосырқамаған, тек бір сәттік рахаты бұзылғанына бұлқан-талқан болыпты.
Сау етіп кіріп келген тәртіп сақшыларынан қымсынбай, жалаңаш күйі көлбеңдеп жүрді.
Олар ешқандай жазаға тартылмайтынын жақсы біледі. Мәселен, жезөкшелерге интимдік қызмет көрсеткені үшін салынатын айыппұл көлемі 14 мың теңгеден аспайды, дейді БАҚ өкілі.
Сондықтан "түнгі көбелектер" жиналатын қонақ үйлер мен сауналар да көбейген. Бұл жолғы рейдте жеңіл жүрісті қыздарға "жеңгетайлық" жасаған сауна әкімшілерінің де ұсталғаны айтылды.
"Жеңіл жүрісті қыздарды клиенттерге тауып бергені үшін ұсталды. Олардың үстінен Қазақстан Республикасы қылмыстық кодексінің 309-бабының бірінші тармағымен іс қозғалып, тергеу жүргізілуде. Егер кінәсі дәлелденсе, сот шешімімен үш жылдан бес жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қолданылады", - деді Семей қалалық полиция басқармасы баспасөз қызметінің басшысы Елеубек Оспанов.
Войдите, чтобы оставить комментарий
Введите почту, получите PIN-код и готово!
Код отправлен на {{ authEmail }}
Введите пароль для {{ authEmail }}
Запрос на удаление материала
Оставить комментарий
Если публикация нарушает закон, авторские или чужие личные права, подробно опишите проблему. Мы проверим информацию и удалим материал, если факт нарушения подтвердится.