Елімізде қай банкнотты қолдан көп жасайды

2021-03-25 08:20:27
2019 жылмен салыстырғанда, Ұлттық банк пен екінші деңгейлі банктер анықтаған жалған ақшалар көлемі былтыр 38%-ға азайды және 823 жалған банкнот пен монетаны құрады (2019 жылы 1 319 банкнот пен монета), деп хабарлайды BAQ.KZ.

Төмендеуге әсер еткен негізгі себеп – қазіргі карантиндік шаралар мен шектеулер, өйткені, қолдан ақша жасайтындар әдетте жалған ақшаны базарларда, жанармай құю бекеттерінде және шағын азық-түлік дүкендерінде өткізіп жібереді.

Ұлттық банктің мәліметінше, қолдан көп жасалатын ақшаға 2 000 және 5 000 теңгелік банкноттар жатады. Жалпы көлемнің 42,5% және 37,6%.

Жалған банкноттардың көп бөлігі Алматыда (554 дана, немесе 67,3%), аз мөлшері еліміздің батыс өңірінде анықталды.

 

Последние новости

25.03.2021
Подсолнечное масло подорожало в 1,5 раза в Казахстане
25.03.2021
ЦИТАТА ДНЯ
25.03.2021
Квантовый скачок. Часть II
25.03.2021
Гороскоп на 25 марта
24.03.2021
Санитайзеры. Польза или вред?
24.03.2021
ЦИТАТА ДНЯ
24.03.2021
Квантовый скачок.
24.03.2021
Гороскоп на 24 марта