Выберите город

Всего 160 городов в 5 странах

СҚО-да орманды қорғау жүйесі күшейтілуде — орман шаруашылықтарына 51 бірлік жаңа техника табысталды

Поделиться:

Өңірдің орман шаруашылықтарына жаңа техниканың кілттері салтанатты түрде табысталды. Орман саласының материалдық-техникалық базасын ауқымды жаңарту – соңғы жылдардағы ең ірі қолдау шараларының бірі болды.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев экология, табиғи ресурстарды сақтау және оларды ұтымды пайдалану мәселелері мемлекет пен қоғам тарапынан жүйелі көзқарас пен жауапкершілікті талап ететінін атап өткен. Бұл мәселе елдің экологиялық тепе-теңдігін сақтау мен орнықты дамуын қамтамасыз етуде айрықша маңызға ие.

Өнеркәсіпті дамыту қоры арқылы лизинг аясында облыстың орман шаруашылықтары үшін жалпы құны 3,6 млрд теңгені құрайтын 107 бірлік арнайы техника алынды. Жаңа техника ормандарды өрттен қорғауға, орман шаруашылығы жұмыстарын жүргізуге және орман қорын күтіп-ұстауға пайдаланылатын болады.

Жалпы, соңғы үш жылда жергілікті бюджеттен орман шаруашылықтарының материалдық-техникалық базасын нығайтуға 800 млн теңгеден астам қаражат бөлінді. Бұл қаржыға 79 бірлік арнайы техника сатып алынып, Булаево қаласында орман өрт сөндіру станциясының құрылысы аяқталды.

Войдите, чтобы оставить комментарий

Введите почту, получите PIN-код и готово!

Код отправлен на {{ authEmail }}

Введите пароль для {{ authEmail }}

{{ authError }}

Пожаловаться на новость

Оставить комментарий

Если материал нарушает права или содержит недопустимый контент:

Сообщение успешно отправлено!
{{ errorText }}

Читайте также