Бүгін облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов «Радуга» ЖШС-де болып, еңбек ұжымдарының өкілдерімен кездесті. Кәсіпорын облысымыздағы негізгі өндіріс орындарының бірі. 30 жылдан астам уақыт бойы үздіксіз дамып, өңір экономикасының дамуына айтарлықтай үлес қосып келеді.
— Бүгінгі таңда 1800-ден астам азамат кәсіпорында тұрақты жұмыспен қамтамасыз етілген. Бұл олардың отбасылары үшін сенімділіктің, әлеуметтік қорғаудың және болашаққа деген сенімнің нақты кепілі болып табылады. Компанияның қызметі жаңартылған Конституцияда айқындалған әділеттілік қағидаттарын орнықтыруға, заң үстемдігін нығайтуға, кәсіпкерлік бастамаларды қолдауға және еңбек адамының құқықтарын қорғауға бағытталған нормалардың іс жүзінде жүзеге асып жатқанын көрсетеді, — деді өңір басшысы
Бүгінде «Радуга» заманауи технологияларды енгізіп, өндіріс тиімділігін арттырып, өнім көлемін ұлғайтуда. 2025 жылдың қорытындысы бойынша 20 миллиард теңгенің өнімі өндіріліп, бюджетке 3,5 миллиард теңге салық төленді. Өңірлік бюджетті толықтыруға және облыс тұрғындары алдындағы әлеуметтік міндеттемелерді орындауға қосылған қомақты үлес. Жаңартылған Конституция адал бәсекелестік пен тұрақты даму үшін жаңа мүмкіндіктер ашып, «Радуга» сынды кәсіпорындардың одан әрі дамуына және бүкіл өңірдің өркендеуіне берік негіз болмақ.