2025 жылдың қорытындысы бойынша өңір барлық негізгі салаларда экономикалық өсім көрсетті. 2026 жылдың қаңтар айының деректері бойынша оң динамика сақталуда:
- Өнеркәсіп — 7,7% өсім;
- Ауыл шаруашылығы — 5,8% өсім;
- Құрылыс — 35,1% өсім;
- Тұрғын үйді пайдалануға беру — 23,0% өсім;
- Сауда — 37,7% өсім;
- Көлік — 10,4% өсім.
— Мемлекет басшысы экономикалық өсімнің инвестиция тартуға және өңдеуші өнеркәсіпті дамытуға бағытталуы қажет екенін ерекше атап өтті. Сол себепті 2026 жылға экономиканың өсуін кемінде 7%-ға жеткізу және негізгі салалардағы жоспарланған көрсеткіштерге қол жеткізу міндеті қойылды, — деді өңір басшысы.
Су тасқыны кезеңіне дайындыққа ерекше бақылауда. Қауіпті аймақта 112 елді мекен бар. Дайындық аясында жалпы ұзындығы 24,5 шақырым болатын 6 қорғаныс бөгеттерінің құрылысы пысықталуда.
Жедел әрекет ету үшін 2 223 құқық қорғау және жергілікті орган қызметкерлерінен құралған топ, 1 428 бірлік арнайы техника және инертті материал қоры жасақталған.
Отырыс барысында облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов профилактикалық шараларды күшейту, дайындық жұмыстарын мерзімінде аяқтау және халықты тұрақты хабардар ету жөнінде тапсырмалар беріді.