Стамбул қаласында (Түркия) өткен ART-фестивалінде жергілікті ұжым 1 Супер Гран-при, 2 Гран-при және 1 бірінші орынды қанжығасына байлады. Облыс әкімі ұжымды тамаша өнер көрсетуімен құттықтады.

— «Sensitive» би театры халықаралық сахнада өңіріміздің намысын абыроймен қорғап шықты. Бұл жеңіс бишілермен ұжым жетекшісі Ольга Ростовщикованың қажырлы еңбегінің нәтижесі. Алдағы уақытта ұжымға жаңа шығармашылық идеялар мен үлкен жетістіктер тілеймін! — деп жазды өңір басшысы әлеуметтік парақшасында.

Сообщение успешно отправлено!
{{ errorText }}

Комментарии