Ботай мәдениетіне арналған ескерткіш «Халықтың сүйіктісі» ұлттық сыйлығының «Елдің үздік мәдени жобасы» аталымында үздік деп танылды.
Аталған ескерткіш өткен жылы Петропавл қаласының кіреберісінде ашылды. Ботай мәдениеті жылқыны алғаш қолға үйретумен және көшпелі өмір салтының қалыптасуымен тығыз байланысты. Монумент тарихи бастауға деген құрметті, ұлттық жады мен Қазақстанның мәдени мұрасын айқындайтын маңызы зор нысан болып табылады.
Композицияның авторлары — Асхат Нартов, Мурат Сыдыков және Жалын Бауырқан. Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Ғауез Нұрмұхамбетовтың атынан ескерткіш авторларына мәдениетті дамытуға және тарихи мұраны сақтауға қосқан елеулі үлесі үшін Құрмет грамоталары табысталды.
«Жылдың үздік спортшысы» атағы Наталья Богдановаға берілді. Бұл марапат оның әлемдік деңгейдегі зор жетістігінің
жалғасы болып отыр. Желтоқсан айында World Boxing нұсқасы бойынша Наталья ресми түрде әлемнің үздік боксшысы деп танылған еді.
Комментарии