Жылдағы дәстүрге сай СҚО-да барлық деңгейдегі әкімдерінің қатысуымен форум өтті.

Поделиться:

Мемлекет басшысының Жолдауындағы ауылдық аймақтарды дамытуға арналған басымдықтарды іске асыру барысы талқыланды.

— Президент өз Жолдауында өңірлерді және ауылдық аумақтарды дамыту қажеттілігін ерекше атап өтті. Әрбір әкімнің бастамашылдығы мен жауапкершілігі мемлекеттік бағдарламаларды тиімді жүзеге асыруға, жұмыс орындарын құруға және инфрақұрылымды дамытуға тікелей әсер етеді. Бүгінде сайланған әкімдер институты өз тиімділігін дәлелдеді. Ауылдық әкімдердің 60%-ы, аудандық және қалалық әкімдердің 28%-ы жаңарды. Бұл өңірді дамытуға жаңа серпін беріп, жергілікті басқарудың сапасын арттырады,- деді өңір басшысы.

Өңір тұрғындардың жартысы ауылдық жерлерде тұрады. Халықтың өмір сүрі сапасын жақсарту үшін жағдайлар жасалуда: жолдар жөнделіп, сумен жабдықтау жүйесі жаңартылуда, әлеуметтік нысандар салу жұмыстары жүргізілуде.

Облыста жаңа жобалар іске асырылып келеді: зауыттар, сүт фермалары, өңдеу кәсіпорындары салынып, арнайы экономикалық аймақтар ашылуда. Негізі мақсат — инвестиция тарту және өндірісті жаңғырту арқылы ауыл өмірін жақсарту.

— Цифрландыруға ерекше көңіл бөліп келеміз. Шал ақын ауданында еліміздегі алғашқы аудандық IT-орталығы ашылды. Бұл тәжірибе басқа аудандарда жалғасын табады. Кәсіпкерлердің әлеуметтік жауапкершілігі де ерекше маңызды. Аграрилеріміз өндірісті дамытуымен қатар, әлеуметтік нысандар салып, ауылдарды абаттандырып, тұрғындардың өмір сапасын арттыруға нақты үлес қосуда. Бұл тәжірибені барлық әкімдер жалғастырылуы тиіс. Біздің негізгі мақсатымыз – Мемлекет басшысы айқындаған міндеттерді орындап, халықтың өмір сүру сапасын арттыру және облыстың тұрақты дамуын қамтамасыз ету, — деп атап өтті Ғауез Нұрмұхамбетов.

Войдите, чтобы оставить комментарий

Введите почту, получите PIN-код и готово!

Код отправлен на {{ authEmail }}

Введите пароль для {{ authEmail }}

{{ authError }}

Запрос на удаление материала

Оставить комментарий

Если публикация нарушает закон, авторские или чужие личные права, подробно опишите проблему. Мы проверим информацию и удалим материал, если факт нарушения подтвердится.

Сообщение успешно отправлено!
{{ errorText }}

Читайте также