Солтүстік Қазақстан облысы делегациясының Татарстан Республикасы Қазан қаласына іс сапары.
Осы күндері Татарстанда Солтүстік Қазақстан облысының мәдениет күндері өтуде. Қазанның Кремлінде:
- «Мағжан Жұмабаев»,
- «Ботай — Ұлы дала мәдениеті»,
- «Литературный небосклон Казахстана» атты көрмелер ұйымдастырылған.
Сонымен қатар, шара аясында «Sensitiv» би театрының масстер-классы өтті.
Қ.Тинчурин атындағы Татарстан мемлекеттік драма және комедия театрында Ақан Серы атындағы облыстық филармониясының шығармашылық ұжымы ұйымдастырған «Мағжан елінен – Қазан төріне» атты гала-концерт өткізілді.