Бүгін Мемлекет басшысының бастамасымен жүзеге асырылып жатқан республикалық «Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасы аясында облысымызда ауқымды экологиялық акция өтті.
Шараға жастардан бастап аға буын өкілдеріне дейін, барлық жастағы тұрғындар белсенді қатысты.
— Біз бірге М.Жұмабаев атындағы саябақта 100-ден астам ағаш отырғыздық.Жалпы акция аясында облыс көлемінде 23 мыңнан астам адам қатысып, 10 000-нан астам ағаш егілді. Жалпыұлттық акция аясында жыл басынан бері өңірде 120 мыңнан астам ағаш отырғызылды,- деді өңір басшысы.