Салтанатты жиын барысында өңір басшысы мемлекеттік қызметшілерді, қоғам қайраткерлерін және түрлі сала өкілдерін атап өтті. Олар өздерінің қажырлы еңбегі арқылы өңірдің дамуына және халықтың әл-ауқатын арттыруға үлес қосып келеді.
Сондай-ақ, көпбалалы аналарға «Алтын алқа» және «Күміс алқа» төсбелгілері табысталды.