Петропавлда дәстүрлі тамыз кеңесі өтті

Поделиться:

Іс-шараға Оқу-ағарту вице-министрі Асылбек Ахметжанов пен өңір басшысы Ғауез Нұрмұхамбетов қатысты.

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, «1300 мектепті жаңғырту» ұлттық жобасы аясында алдағы үш жылда облыста 67 мектеп жаңғыртудан өтеді.

Білім беру саласы өңірлік дамудың басты басымдығы болып қала бермек. Аталған салаға биыл 164 млрд теңге, бұл облыс бюджетінің 33,4%.

Өңірде мектептер, балабақшалар мен спорт нысандарын салу жалғасуда. Бұл ретте өңірлік бизнес өкілдері де атсалысуда. Кәсіпкерлердің білім беру саласына салған инвестиция көлемі 1,5 млрд теңгеден асты.

Сонымен қатар, облыста білім беру жүйесін цифрландыру бағытында кешенді шаралар қолға алынған. Мектептер заманауи техникалармен жабдықталып, электронды оқыту платформалары енгізілуде. Бұл – сапалы әрі қолжетімді білімге жол ашатын маңызды қадам.

— Облыстық 5 мектеп республиканың үздік 100 мектебі қатарына енсе, 4 мектеп олимпиадалық бағыттағы ТОП мектептер тізіміне кірді. Олардың қатарында ауыл мектептері де бар. Ендігі міндет — кемінде 10 мектептің республикалық рейтингтерге енуін қамтамасыз ету, — деді облыс әкімі.

Войдите, чтобы оставить комментарий

Введите почту, получите PIN-код и готово!

Код отправлен на {{ authEmail }}

Введите пароль для {{ authEmail }}

{{ authError }}

Запрос на удаление материала

Оставить комментарий

Если публикация нарушает закон, авторские или чужие личные права, подробно опишите проблему. Мы проверим информацию и удалим материал, если факт нарушения подтвердится.

Сообщение успешно отправлено!
{{ errorText }}

Читайте также