Аталған іс-шараға Қазақстанның әр өңірінен және шетелден келген ғылым, мәдениет және өнер саласының беделді өкілдері, сондай-ақ шығармашылық интеллигенция мүшелері қатысты. Кездесу аясында қатысушылар мәдениетаралық ынтымақтастық, ұлттық мұра мен заманауи өнердің өзара байланысы, сондай-ақ шығармашылық серіктестіктің жаңа мүмкіндіктері жөнінде өзара пікір алмасты.
Кездесуге СҚО әкімі аппаратының басшысы Руслан Әлішев өнір жетекшісінің атынан симпозиумға қатысушыларға алғыс білдіріп, мәдени шараның маңыздылығын атап өтті.
Шара соңында симпозиум қонақтарына естелік сыйлықтар мен кәдесыйлар табысталды.