СҚО әкімі орталық алаңда қала күнімен құттықтады

Поделиться:

Бүгін орталық алаңда СҚО әкімі Ғауез Нұрмұхамбетовтың қатысуымен қала күніне арналған салтанатты жиын өтті.

— Петропавл — біздің туған үйіміз, терең тарихы бар, ерекше сәулеті мен еңбекқор, шынайы адамдары бар қала. Мұнда — біздің естеліктеріміз, жетістіктеріміз бен үміттеріміз. Бүгін біз қаламыздың күн сайын көркейіп, жайлы, заманауи әрі шырайлы қалаға айналып келе жатқанына мақтанышпен қараймыз, — деп атап өтті өңір басшысы.

Мереке аясында құрметті атақтар табысталды. СҚО-ның Құрметті азаматы атағы «Зенченко и К» КТ бас директоры Геннадий Зенченкоға, профессор Заркын Тайшыбай мен еңбек ардагері Виктор Лиге берілді. Петропавл қаласының Құрметті азаматы атағына еңбек ардагерлері Амангелді Кенжегузинов пен Сара Тасеменова, профессор Андрей Солодовник ие болды. Олардың еңбегі, білімі мен адалдығы қаламыз бен өңіріміздің дамуына серпін берді.

Қаланы дамытуға үлес қосып жүрген барлық азаматтарға — құрылысшыларға, ұстаздарға, дәрігерлерге, кәсіпкерлерге, қоғам белсенділеріне, еріктілер мен жастарға облыс әкімі алғыс айтты.

— Сіздердің арқаларыңызда Петропавл өмір сүрудің, дамудың және алға жылжудың қаласына айналуда. Баршаңызға береке-бірлік пен туған қаламыздың игілігі үшін жаңа жетістіктер тілеймін. Қала күні құтты болсын, қадірлі жерлестер! — деді СҚО әкімі.

Войдите, чтобы оставить комментарий

Введите почту, получите PIN-код и готово!

Код отправлен на {{ authEmail }}

Введите пароль для {{ authEmail }}

{{ authError }}

Запрос на удаление материала

Оставить комментарий

Если публикация нарушает закон, авторские или чужие личные права, подробно опишите проблему. Мы проверим информацию и удалим материал, если факт нарушения подтвердится.

Сообщение успешно отправлено!
{{ errorText }}

Читайте также