Жобаның сараптамасы жылдың соңында шығады, ал келесі жылы құрылыс жұмыстары басталады.

«Прибрежное ауылы жыл сайын су тасқыны салдарынан аралда қалып қояды. Бұл мәселені шешудің жолы — автокөпір салу және облыстық жолды жөндеу, ол елді мекенді сыртқы әлеммен байланыстырып, жыл бойы көлік қатынасын қамтамасыз етпек», — деп жазды облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов әлеуметтік желіде.

Бөгеттерді бетондау

Биылғы көктемгі тасқын Ущев, Былғары кенті және Биотоған бөгеттерін бетон плиталарымен нығайтудың тиімділігін көрсетті. Енді бетондау жұмыстары Тепличное мен Прибрежное ауылдарында жалғасады. Келесі кезең — Бескөл ауылы. Бұл қорғаныс құрылымдарының беріктігін нығайтып, елді мекендерді болашақтағы қауіп-қатерден қорғауға мүмкіндік бермек.