Қытай корпорациясы СҚО-да элеватор мен құрамажем зауытын салуға ниет білдірді

Поделиться:

Облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов Қытайлық «Beijing Guancheng Shenghua Investment» компаниясының Басқарма төрағасы Ма Юнхумен жүздесті. Кездесу барысында Солтүстік Қазақстан облысында инвестициялық жобаларды іске асыру перспективалары талқыланды.

Аталған қытайлық корпорация өнеркәсіптік және тұрғын үй нысандарын салу, сондай-ақ ауыл шаруашылығын дамыту саласында маманданған. Инвестор облыста элеватор мен құрамажем зауытын салуға қызығушылық білдірді.

Өңірде «Qyzyljar» арнайы экономикалық аймағын кеңейту бойынша белсенді жұмыс жүргізілуде. Мүсірепов пен Тайынша аудандарында жаңа субаймақтарды құру жоспарланып отыр. Бұл шетелдік инвесторларға жаңа өндірістерді іске қосуға тиімді жағдай жасайды.

«Солтүстік Қазақстан облысы тікелей инвестициялар, технологиялық әріптестік және халықаралық бизнес өкілдерімен бірлесіп жұмыс істеуге ашық. Мұндай жобалардың жүзеге асырылуы өңір экономикасын нығайтып, жаңа жұмыс орындарын ашуға, сондай-ақ агроөнеркәсіптік кешен мен инфрақұрылымды дамытуға қосымша серпін береді», — деп атап өтті өңір басшысы.

Войдите, чтобы оставить комментарий

Введите почту, получите PIN-код и готово!

Код отправлен на {{ authEmail }}

Введите пароль для {{ authEmail }}

{{ authError }}

Запрос на удаление материала

Оставить комментарий

Если публикация нарушает закон, авторские или чужие личные права, подробно опишите проблему. Мы проверим информацию и удалим материал, если факт нарушения подтвердится.

Сообщение успешно отправлено!
{{ errorText }}

Читайте также