Петропавл — Шарм-эль-Шейх: тікелей әуе қатынасы ашылады

Поделиться:

Бүгін облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов «Қызылжар халықаралық әуежайы» ЖШС-ның жаңа директоры Октем Мұстафа Йылтанмен жүздесті. Кездесуде әуежайдың даму перспективалары, инфрақұрылымды жақсарту және жолаушыларға қызмет көрсету сапасын жақсарту мәселелері талқыланды.

Маңызды жаңалықтардың бірі — түнгі рейстерге рұқсат берілуі. Бұл әуежайға тәулік бойы ұшақ қабылдауға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, жаңа жанармай құю станциясы іске қосылды, бұл логистиканың  жақсаруына, үлкен  әуе кемелерін қабылдауға жол ашты.

Сонымен қатар, 2 шілдеден бастап Петропавл — Шарм-эль-Шейх бағыты бойынша жаңа туристік әуе рейсі іске қосылады. Болашақта басқа да халықаралық бағыттарды ашу жоспарда бар. Бұл әуежайдың өткізу қабілетін ұлғайтып, жолаушыларға қызмет көрсетуді жақсартуға және солтүстікқазақстандықтар үшін туристік мүмкіндіктерді кеңейтуге септігін тигізеді.

Войдите, чтобы оставить комментарий

Введите почту, получите PIN-код и готово!

Код отправлен на {{ authEmail }}

Введите пароль для {{ authEmail }}

{{ authError }}

Запрос на удаление материала

Оставить комментарий

Если публикация нарушает закон, авторские или чужие личные права, подробно опишите проблему. Мы проверим информацию и удалим материал, если факт нарушения подтвердится.

Сообщение успешно отправлено!
{{ errorText }}

Читайте также