Қаржы министрі Мәди Такиев СҚО-да жұмыс бабымен болды

Поделиться:

ҚР Қаржы министрі Мәди Такиевтің Солтүстік Қазақстан облысына жасаған жұмыс сапары аясында өңірдің негізгі жобаларымен танысып, бірқатар кездесулер өткізді.

Министр  «Қызылжар» арнайы экономикалық аймағында инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымның құрылысы мәселелері бойынша кеңес өткізді. Кездесуде мердігерлердің инженерлік желілерді салу бойынша есептері тыңдалды. Сондай-ақ, отандық және шетелдік инвесторлар арнайы аймақта жаңа өндірістердің құрылысы барысы туралы баяндады.

Қазір №3 субаймақта нан-тоқаш өнімдері зауыты, тракторлар мен ауыл шаруашылығы техникасын шығаратын кәсіпорын, көтергіш-көлік жабдықтары мен көпір крандарын өндіру зауыты, саңырауқұлақ фермасы және компост зауыты сынды жобалар жүзеге асуда.

— Жалпы алғанда, үшінші субаймақта Италия, Қытай, Ресей және Германиядан капитал тарту арқылы 105 млрд теңгеге 16  инвестжоба іске аспақ. Бұл жобалар аясында 1,7 мың жаңа жұмыс орны ашылады, — деп жазды өңір басшысы Ғауез Нұрмұхамбетов әлеуметтік желіде.

Сондай-ақ, Мәди Такиев көпсалалы облыстық аурухананың құрылыс барысымен де танысты. Бұл аурухана өңірдегі халықаралық стандарттарға сай алғашқы жоғары деңгейдегі медициналық мекеме болмақ. Маңызды әлеуметтік нысанның ашылуы заманауи технологияларды енгізуге, медициналық қызметтердің қолжетімділігі мен сапасын жақсартуға  негіз болады.

Войдите, чтобы оставить комментарий

Введите почту, получите PIN-код и готово!

Код отправлен на {{ authEmail }}

Введите пароль для {{ authEmail }}

{{ authError }}

Запрос на удаление материала

Оставить комментарий

Если публикация нарушает закон, авторские или чужие личные права, подробно опишите проблему. Мы проверим информацию и удалим материал, если факт нарушения подтвердится.

Сообщение успешно отправлено!
{{ errorText }}

Читайте также