Солтүстікқазақстандықтар Ассамблеяның 30 жылдығына арналған мерейтойлық медальдармен марапатталды

Поделиться:

Жиын барысында өңірлік Ассамблеяның атқарған жұмыстарының қорытындысы шығарылып, Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына арналған іс-шаралар жоспары талқыланды.

«Өңірде мерейтойлық іс-шараларды жоғары деңгейде ұйымдастырып, мазмұндық жағына көп көңіл аудару қажет. Негізгі басымдық – этносаралық достық пен келісімді нығайтатын, қоғамды біріктіретін бірегей институт ретіндегі Ассамблеяның рөлін кеңінен насихаттауға берілмек. Облыста барлық этномәдени бірлестіктердің қатысуымен 36 түрлі форматтағы іс-шара өткізу жоспарланған», — деп атап өтті облыс әкімі.
Кеңес отырысында этномәдени бірлестіктер атынан облыстық Ассамблея төрағасының жаңа қоғамдық орынбасары сайланды. Бұл қызметке Рашбиль Евдаев тағайындалды, ол Алексей Ханның орнын басты.

Сонымен қатар, салтанатты марапаттау рәсімі өтті. Мемлекет Басшысының Жарлығына сәйкес, ел бірлігі мен қоғамдық келісімді нығайтуға елеулі үлес қосқан қоғам өкілдері Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдық мерейтойына арналған естелік медальдармен марапатталды.

Войдите, чтобы оставить комментарий

Введите почту, получите PIN-код и готово!

Код отправлен на {{ authEmail }}

Введите пароль для {{ authEmail }}

{{ authError }}

Запрос на удаление материала

Оставить комментарий

Если публикация нарушает закон, авторские или чужие личные права, подробно опишите проблему. Мы проверим информацию и удалим материал, если факт нарушения подтвердится.

Сообщение успешно отправлено!
{{ errorText }}

Читайте также